«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2016 » сайысы

қаз 17, 2016 16

"

№53 мектеп-лицейдің  бастауыш сыныптар бірлестігінде « Алтын күз» мерекесін атап өту жыл сайын дәстүрге айналған.  Қазан айының 15-і күні 1«Ә» сыныбында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2016» сайысы болып өтті. Сайысқа сынып оқушылары, ата-аналары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Өткізудегі мақсатымыз оқушыларға күз мезгіліне тән табиғи ерекшеліктерді ұғындыру. Күз  мезгілінің қоршаған  ортаға  әсерін таныту, күз  сыйын білу. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Оқушылар  күз мезгілінің  өзіне тән табиғи ерекшеліктерін білуге арналған сұрақтарға жауап беру, табиғи заттарды қолданып әртүрлі үйлесімді бұйымдар ойлап жасау, мақал-мәтел, жұмбақтар шешу, әсерлі де мәнерлі өлең оқу, көркем де үйлесімді киініп сән үлгісін көрсету тапсырмаларын орындауда белсенділік танытып қатыса білді. Сайыс барысында оқушылар көтеріңкі көңіл күйде болды. Сайысқа қатысқан оқушылар Асылбекова Дилназ, Сыздыков Джаныбек, Сапар Иманғали, Берікбол Инжу, Байбурин Ақжол, Рахим Мариям, Шерғали Ракия, Рысқұлбек Санжар байқауға қатысып, өнері мен білімін  жоғары деңгейде көрсете білгені үшін мақтау қағазымен марапатталды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Күз Ханзадасы мен Ханшайымы таңдап алынды. Күз Ханзадасы - Қамалбек Али, Күз Ханшайымы - Мирзахмет Рәбияны сайлады. Сайыс соңында оқушылар және ата-аналар алған әсерлерін, ойларын бөлісті. «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2016» сайысында білімін, эстетикалық талғамын, үлгілі тәртібін, жоғары талғампаздығын көрсете білген оқушыларды  құттықтап бағалады. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі: Нургазина А.С












"