«Менде де бар бір арман, маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан»

қаз 11, 2016 72

"

№53 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушыларымен «Менде де бар бір арман, маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан» деген тақырыпта  ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби  сыйлығының жеңімпазы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының» лауреаты, ҚР жазушылар одағының  мүшесі  Қалқаман Саринмен кездесу өткізілді. Кешіміздің алғы сөзін мектебіміздің директоры Әбдірәсілов Қазбек Жәкенұлы бастап берді. Кеш барысында оқушылар ақынның шығармашылығынан ойын дайындап, келген қонақты таң қалдарды. Мектебіміздің өнерлі де дарынды балалары ақын өлеңдеріне жазылған  «Аяла», «Күзгі бақ» әндерін құйқылжытып жанды дауыспен орындап берді. Мектеп  түлектері көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кешіміздің қонағы да сұрақтарға өзінің өзекжарды ойларымен бөлісті. Қалқаман Айымғазыұлы мектебіміздің өнерлі балаларына ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қалқаман Айымғазыұлы мектебіміздің оқушыларына деген жүрекжарды тілектерімен бөлісті.

«Ізімнен ерген інілеріме,

Қызғалдақтай құлпырған қарындастарыма,

Қазақтың қасиетті,

Алаштың арлы жолында

Сәттілік тілеймін!» - деген ыстық лебізімен болашақтарына деген сенімдерін ұялатты. Кешті өткізуге Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Рыхсиев Еркебұлан Нұрмаханұлы. Базарова Ақкенже Мырзақызы. 11 «А» сынып оқушылары







"