ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауы

мамыр 05, 2014 8

"Бурабайда "Балдәурен" РОСО-ында өткен ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша №53 мектеп-лицей оқушылары Алпысбай Диас (орта топ) І-орын дипломмен, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Оралбай Бағжан (орта топ) І-орын дипломмен, Талап Меруерт (жоғарғы топ) ІІ-орынмен, Молдабекова Айдана (жоғарғы топ) ІІІ-орынмен марапатталды. Алпысбай Диас пен Оралбай Бағжан байқаудың галаконцертінде өнер көрсетті. Жетекшісі Қаракеева Закира Құрманбекқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. «Тайжарыс» радиобайқауының жеңімпаздары Түркияның Аланья қаласында өтетін «ART OLYMPIA» халықаралық фестиваль-байқауына Қазақстанның атынан бақ сынауға жолдама алды. Мектебіміздегі «Асыл мұра» үйірмесінің өнерпаздарына қанаттарың талмасын, өнерлерің көкке өрлесін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!
"