Астана - достық бесігі
"Халықаралық ынтымақтастық мерекесі ретінде қалыптасқан 1 мамыр - бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні. 130-дан астам ұлттың басын біріктіріп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Қазақстан - қазір төрткүл әлем үшін ұлтаралық келісімнің үздік моделі болып табылады. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы орайда №53 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абденова Т.К. және Нұржанова Г.С. 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Астана – достық бесігі» атты қалалық фестивалін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдері мерекеде ән айтып, би билеп, жалпы халықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көрініс көрсетті.
"