«Мектеп дауысы – 2016»

ақп 25, 2016 5

"

№53 мектеп-лицейде айтулы іс-шара өтті. Екінші жыл өткізіліп жатқан «Мектеп дауысы – 2016» байқауында талай дарынды оқушылар бағын сынады. Алғашқы кастингке 54 оқушы келіп, оның 23-і жартылай финалға жолдама алды; ал финалға тек 10 қатысушы өтті. Бас жүлдеге тартысқан қатысушылар бар өнерін салып, үлкен дайындықпен келді. Бұл үш кезеңнен тұратын байқауға әр қайсысы көп күш-жігер жұмсап, жеңіске жеткелі келді. Көрермндер залы жанкүйерлер мен талантты қатысушыларды тамашалауға келген көрермендерге лық толы болды. Іс-шарамыздың қадірлі қонақтары: «Қазақстан дауысы» Республикалық байқауының I маусым жеңімпазы – Шахаризат Сейдахмет ағамыз бен жас әрі талантты ұддарымыз «Тенор» тобы.Іс-шараны өткізу 9«А» сыныбына бұйырды. Бір мектепте оқып жүрген дарынды жолдастарына естен кетпес сәттерді сыйлау үшін, барлығын ойдағыдай өткізуге тырысып, көп тер төкті. Көптен күткен қорытынды бойынша: Бас жүлдені 6«Б» сынып оқушысы – Қабылбек Сүйкім, I орынды 7«Е» сынып оқушысы - Касабулатова Инкар, II орынды 7«Д» сынып оқушысы – Жумакадирова Медина және III орынды 10«А» сынып оқушысы - Мұхамадияр Балнұр иеленді. Құттықтаймыз!








"