Қалалық «ЕҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ» байқауы
"
Астана қаласы мектептерінің арасында ақпан айында «Биология, химия және география пәні мұғалімдерінің ең үздік әдістеме бірлестігі» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты - Астана қаласының мектептеріндегі әдістемелік бірлестік қызметінің озық тәжірибелерін қолдау және озық тәжірибені кеңінен таратуға көмектесу. Байқауға әр мектептен ең таңдаулы деп танылған барлығы 34 мектеп әдістеме бірлестіктері қатысты. Байқау үш кезеңмен өтілді. ІІ сырттай кезеңге қатысқан әдістеме бірлестіктері өз қызметінің соңғы үш жылдық жұмысын ұсынды. Ұйымдастыру іс-шаралары; Педагогикалық шеберлікті жетілдіру; Озық тәжірибені тарату; Білім сапа көрсеткіштері. Байқаудың сырттай ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша барлығы 10 әдістемелік бірлестіктер іріктелініп, байқаудың ІІІ кезеңіне қатысты. Байқаудың ІІІ кезеңінде әдістеме бірлестігінің портфолиосын презентациялау және бағалау кезінде әдістеме бірлестік жетекшілері атқарылған әдістемелік жұмыстарын көрсетіп, қорытындылап, қорғады. Байқау нәтижесін әділ қазылар алқасы мүшелерінен құрылған сараптау комиссиясы қорытындылады. Қалалық «ЕҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІ» байқауының І орын жүлдегері №53мектеп-лицейінің «Биология, химия және география пәні мұғалімдерінің әдістеме бірлестігі» және жетекшісі Схаг Аманкелди І дәрежелі диплом «Шығармашыл әдістеме бірлестігі» номинациясымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"