«Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық!»

жел 02, 2015 10

"

№53 мектеп-лицейінде ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық!» акциясы аясында өткізілген мектепішілік дебат ойыны өтті.

 Мақсаты: Акцияға үлесімізді қоса отырып, мектебіміздің оқушылары арасында спорт мәдениетін насихаттау. Аталған мақсатқа жету үшін 10Д сынып оқушыларынан үздік дебат ойыншылары топталды. Яғни Үкімет тобы ол «Крики морга» және оларға қарсы оппозиция «Битники» тобы пікір-сайысға түсті. Топтардың дайындығы жоғары дәрежеде болып, адамды ойға қалдырып таңқалдырар аргумент, фактілір айтып өтті. Ойынның қызық өткені соншалықты Парламентарий де өз кезегінде пікір білдіруге қатысты. Ойын соңында көрермендер не себепті топтың атауы Битники және Крики морга деп аталғанын сұрады. Өз кезегінде пікір-сайыстырушы топтар өз команда атауларын таңдау себептерін парасаттылықпен түсіндіріп берді.         Әрине бұл интеллектуалды ойын болғандықтан жеңімпаздар болады. Өздерінің шеберліктері мен ізденістерінің кереметтігімен оппозиция Битники тобы жеңіске жетті. Топтар 1-2 орын мадақтамасымен марапатталды. Екі топтың үздік ойыншыларына Елбасының ағылшын тілінде жарық көрген кітабы және Қазахстан ассамблеясының тарихи очеркі кітәбі сыйлыққа тарту етілді. Белгіленген іс-шара нәтижесінде мақсатына жете алды. Себебі пікір-сайыс оқушы жастарға позитивті көңіл күй мен көптеген қажетті ақпараттар бере алды. Сонымен қатар пікір-сайысқа қатысушы топтар да өздеріне тәжірибе мен мотивация ала алды. Оқушылар тарапынан пікір-сайыстың жиі өтуіне деген сұраныстар көп болды Ұйымдастырушы: Мектепішілік Ойшыл дебат клубының жетекшісі Алиев Ербол