«Өз құқығыңды білесің бе?»

қар 19, 2015 10

"

№53 мектеп-лицейінде «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа 6 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың басында ойыншылар өздерін таныстырды. Болашақ армандарымен бөлісіп, сол арманға жету жолында қандай жұмыстар атқару керектігін сөз етті. Сайыстың өткізілу мақсаты балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету. Оқушылардың дайындығы өте жақсы болды, өз құқықтарын, мектептегі өз міндеттерін жақсы білетіндерін көрсетіп, сауаттылықтарын танытты. Ең көп ұпай жинаған 3 ойыншыға мадақтау қағазы берілді.Сайыс өз деңгейінде өтті, оқушылар ойыннан жақсы көңілмен қайтты. Ic-шараға жауапты мұғалім: информатика пәні мұғалімі - Қожахметова Қ.Т.


"