Нұр-Сұлтан қаласы №53 мектеп-лицей
базасында құрылатын «Ұлы даланың ұлттық келбеті» Бауыржан Момышұлы музейінің мінездемесі
Мұражай мектептің 1-қабатында орналасады, аумағы 86 м2 болып табылады. Мұражайда 100-ге жақын экспонаттар мен тарихи материалдар болады деп жоспарланған. Мұражай мектептің оқу-тәрбие жұмысында маңызды орын алады. Сол себепті мұражайда халық қахармандарымен, батыр тұлғалармен, соғыс және тыл жұмысының ардагерлерімен дөңгелек үстел, конференция негізіндегі кездесулер ұйымдастырылады. Ерлік, батырлық пен патриотизм тақырыптарында ашық сабақтар мен сынып сағаттары өтеді.
Мектеп мұражайының тақырыбы: «Ұлы даланың ұлттық келбеті» Бауыржан Момышұлы музейі
Мақсаты: Мектеп оқушыларын қахармандық пен батырлыққа, әділеттілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Музейдің жұмыс бағыттары:
Білім беру бағыты
Ғылыми-зерттеу бағыты
Мәдениет бағыты
Нұр-Сұлтан қаласы №53 мектеп-лицей
базасында құрылатын мұражай паспорты
Мекеменің толық атауы: Нұр-Сұлтан қаласының №53 мектеп-лицей мемлекеттік мекемесі.
Мекен - жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқабат 17. Тел 8/7272/ 50-16-79
Мектеп директоры: Киянова Замзагул Ертаевна
Музей жетекшісі: Алиев Ербол Ермаханович. Тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі, «Ойшыл» дебат клубының жетекшісі. Педагогикалық еңбек өтілі 10 жыл, білімі жоғары, біліктілік санаты педагог-сарапшы
Музей белсенділері: құрамы 10 адамнан жасақталады, 7-10 сынып оқушылары.
Музей ғимаратының мінездемесі: аумағы 86 м2; 1-қабатта орналасады. Кіру және шығуға арналған 2 есік бар. Ғимарат жасанды жарықтармен жабдықталған. Едені ковролан.
Музейге қойылатын экспонаттар мен материалдар:
Мектеп музейінің 2019-2021 оқу жылындағы жұмыс жоспары.docx