«Менің өмірімнің ЭКОмектебі» тақырыбындағы Республикалық жобасы

Менің өмірімнің ЭКОмектебі

Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялықтәрбие
Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

2018-2019 оқу жылында Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен  «Экоchalleng» қоғамдық бастамасы жобасында мектеп-лицей белсенділік танытты. Барлық іс-шараға  белсенді қатысып, үздік 5 мектептің қатарында болып,  2018-2019 оқу жылының  «Экоchalleng» жобасының жеңімпазы атанып, 250 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

Экоchalleng жобасы аясында қалалық деңгейдегі іс-шаралар:

-Қалдықтардан жасалған қолөнер көрмесі, 27.10.2018

Мақсаты: 1- 10 сынып оқушыларының қатысуымен қалдықтардан жасалған қолөнер көрмесі өтті.

Экоchalleng» экоквест, 27.10.20185-10 сынып

- «Еңбек етсең емерсің» әңгімелеу. 26.10.2018, 1-8 сыныптар

Мақсаты: Еңбек дағдысын қалыптастыру, еңбек және оның мәні ,интеллектуалды мәдениетті дамыту. Интелектуалды және ақпараттық сауаттылық.

-Экологиялық тәрбиеге байланысты «Табиғат біздің үйіміз» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.

- Қыркүйек, 2019 жыл Экоквест ойындары, 7- сыныптар арасында «Жерұйық» паркінде ұйымдастырылыды.

-2019 жылдың 14 наурыз күні Астана қаласының Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығымен Республикалық «Экоchalleng» гранттық жобасы аясында №53 мектеп-лицейінде «Eco - life 2019» атты қалалық семинар өтті.

 - 14.03.2019г “Go Green”-экоквест ойыны

- Қалықбаева А.Қ. «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі!» атты ашық тәрбие сағаты;

- «Жизнь стиле- эко»жобасына тұсау кесер өткізді, Сапарқызы Ш. биология пәні мұғалімі, оқушыларды экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

- Экоchalleng жобасы барысында № 53 мектеп-лицейі мектеп бойынша 4100кг астам қағаз жиналды, Жеңімпаз сынып 8 «А», сынып жетекшісі Авдыхалым Ә., бұл сынып 454 кг тапсырды.

- Экоchalleng жобасы барысында оқушылар қоқыстар зауытына экскурсияға бардық. Экскурсияда оқушылар өздеріне пайдалы көп мәліметтер алды және викторина ойынынан 2 флеш карта ұтып алды.

- Экоchalleng жобасы барысында Білім басқармасының ұйымдастыруымен қала халқына экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында Ханшатыр СОСО ұйымдастырылған қалалық семинарда оқушыларымыз белсенділік танытты.

- Экоchalleng жобасы барысында «Экожаз-2019» бағдарламасында мектеп жанындағы лагерьде жұмыс жасады, оқушылар мектеп қасындағы аулаларда өздері дайындаған концерттерін тұрғындарға тарту арқылы «Сарыға таста» акциясын насихаттады.


Экоchalleng жобасы аясында Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар:

- Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Экоchalleng» қоғамдық бастамасы жобасының 2019 жыл ақпан айында өткен

жобадағы жеңімпаз мектептердің жұмыстарын насихаттау үшін республикалық семинарда мектеп оқушылары қатысып, өздерінің қолынан жасалған трасформер ойыншықтарымен қатысып, қошеметке ие болды,Алғыс хатпен марапатталды.

- Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Экоchalleng» қоғамдық бастамасы жобасы аясында Халықаралық «Климатическая шкатулка» мектептер жобалары байқауына, 06 сәуір 2019 жылы, 4- сынып оқушысы Серік Ақерке, 8-сынып оқушысы Бөрібай Сабина, 10- сынып оқушысы Маукен Камила экологиялық жобаларымен қатысып, Ресей мемлекетінің Сочи қаласындағы Халықаралық «Орленок» демалу лагеріне жолдама алып, білімдерін жетілдіріп, демалып келді.

- «Экоchalleng»жобасы кезінде мектеп оқушыларынан құралған еріктілері барлық іс –шараларда белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған Халықаралық конференциясына қатысып, өз жобаларымен таныстырды.

-2019 жыл 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық жасыл технологиялар орталығында Қазақстан эко-белсенділерінің республикалық слеті болып өтті. Іс-шара «Еріктілер жылы» шеңберінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, эко-волонтерлік мәселелеріне арналды. Халыққа экологиялық тәрбие беру, каспий итбалығын сақтау, қоқыстарды бөлектеп жинау мәселелері қозғалды. Слетке еліміздің барлық өңірінен келген эко-белсенділер, волонтерлер, бірқатар министрлік, экологиялық қауымдастық өкілдері, табиғатты пайдаланушылар, қоғам қайраткерлері, сонымен қатар №53 мектеп-лицейінің еріктілер тобы белсенділік танытты. Барлық осы іс-шарада айтылған бастамалар мен ұсыныстар Жол картасына енгізіліп, олар егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін, іс жүзінде қолданылатыны айтылып, пікір алмасты. «Экоchalleng»жобасы кезінде мектеп оқушыларынан құралған еріктілер

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен және танымал актер Нұртас Адамбаевпен кездесті.

«Экоchalleng» жобасын бойынша мектеп марапаттары

  • Қазақстан Республикасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауды жас ұрпақ санасына сіңіруге ат салысқаны үшін, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Пірімқұловтың Алғыс хатымен марапатталды, Нұр-Сұлтан 2020 жыл.
  • Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының Мадақтамасы, 2019 жыл, сыйақы 250000 теңге.
  • Еліміздің жас ұрпақтарын тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қаланың шағын аудандарының экологиялық бастамасын ілгерілетуде белсенділік танытқаныңыз үшін, Нұр – Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.Мәкен Алғыс хатымен марапатталды, 2020 жыл
  • «Экоchalleng» қоғамдық бастамасы жобасы аясында Халықаралық «Климатическая шкатулка» мектептер жобалары байқауына қатысқаны үшін, Алғыс хат, 2019 жыл.
  • «Менің өмірімнің экомектебі» конкурсының шеңберінде «Сарыға таста» бастамасына қатысушылары білім басқармасының басшысы Ш.Қадырованың Алғас хатымен мрапатталды, 2020 жыл.

Жас Ұрпаққа экологиялық тәлім –тәрбие беру, тұрмыстық қалдық проблемасын оқушыларға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған «Сарыға таста» экологиялық шарасына қатысқаны үшін, Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Ахметжановтың Алғыс хатымен марапатталды, 2020 жыл.