Мұражай

Нұр-Сұлтан қаласы №53 мектеп-лицей 

базасында құрылатын «Ұлы даланың ұлттық келбеті» Бауыржан Момышұлы музейінің мінездемесі 


Мұражай мектептің 1-қабатында орналасады, аумағы 86 м2 болып табылады. Мұражайда 100-ге жақын экспонаттар мен тарихи материалдар болады деп жоспарланған. Мұражай мектептің оқу-тәрбие жұмысында маңызды орын алады. Сол себепті мұражайда халық қахармандарымен, батыр тұлғалармен, соғыс және тыл жұмысының ардагерлерімен дөңгелек үстел, конференция негізіндегі кездесулер ұйымдастырылады. Ерлік, батырлық пен патриотизм тақырыптарында ашық сабақтар мен сынып сағаттары өтеді.

Мектеп мұражайының тақырыбы: «Ұлы даланың ұлттық келбеті» Бауыржан Момышұлы музейі

Мақсаты: Мектеп оқушыларын қахармандық пен батырлыққа, әділеттілікке, адалдыққа тәрбиелеу.


Музейдің жұмыс бағыттары:

 

Білім беру бағыты

  • Тақырыптық музей сабақтарын өткізу
  • Іздену, зерттеу жұмыстарына конкурстар жүргізу
  • Экскурсия жұмысын ұйымдастыру
  • Қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі шығармашылық конкурстарға қатысу


Ғылыми-зерттеу бағыты 

  • Халық қахармандарымен, батырлармен, ардагерлермен кездесу ұйымдастыру
  • Зерттеуді қажет ететін батыр тұлғалар жайында ізденіс жұмыстарын жасау
  • «Қазақ елінің батырлары» кітаптар жинағын жасақтау
  • Виртуалды мектеп музейін құру


Мәдениет бағыты

  • Мектеп оқушыларының көрмесін, театрлық көрсетілімдер ұйымдастыру
  • Батырлық, патриоттық тақырыптарда видеофильмдер көрсету
  • Қаламыздағы батырлар ескерткіштерінде гүл шоқтарын қою, өлең-жырлар оқу жұмыстарын жүзеге асыру.
  • Мектебіміздің түлектерімен кездесулер ұйымдастыру

Нұр-Сұлтан қаласы №53 мектеп-лицей 

базасында құрылатын мұражай паспорты 


Мекеменің толық атауы: Нұр-Сұлтан қаласының №53 мектеп-лицей мемлекеттік мекемесі.

Мекен - жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқабат 17. Тел 8/7272/ 50-16-79

Мектеп директоры: Киянова Замзагул Ертаевна

Музей жетекшісі: Алиев Ербол Ермаханович. Тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі, «Ойшыл» дебат клубының жетекшісі. Педагогикалық еңбек өтілі 10 жыл, білімі жоғары, біліктілік санаты педагог-сарапшы

Музей белсенділері: құрамы 10 адамнан жасақталады, 7-10 сынып оқушылары.

Музей ғимаратының мінездемесі: аумағы 86 м2; 1-қабатта орналасады. Кіру және шығуға арналған 2 есік бар. Ғимарат жасанды жарықтармен жабдықталған. Едені ковролан.

Музейге қойылатын экспонаттар мен материалдар:

  • Сақ заманынан бүгінге дейінгі батырлардың портреттері
  • Батырлар жыры мен дастандарының жинақтары
  • Қару-жарақ түрлерінің экспонаттары
  • Әскери киімдердің макеттері
  • Қазақ жауынгерлерінің құйылмалы коллекциясы
  • Бауыржан Момышұлы мүсіні мен тұлғаға арналған бұрыш
  • Бауыржан Момышұлының жеке кітаптары, құжаттары мен қолжазбалар көшірмесі, жеке альбомының түпнұсқасы.


Мектеп музейінің 2019-2021 оқу жылындағы жұмыс жоспары.docx