ҮЗДІКТЕРДІ МАРАПАТТАУ
Бүгін Әл -Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы әкімдігінің "Әдістемелік орталық" МКҚК ұйымдастыруымен қалалық "Үздік пән мұғалімі" конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Байқауда мектебіміздің педагогтері жоғары нәтиже көрсетіп, сахна төрінде үздіктер қатарында болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Биология пәні мұғалімі Шынар Сапарқызы - І ОРЫН; химия пәні мұғалімі Сайлиханова Манат Бахытовна - ІІ ОРЫН; информатика пәні мұғалімі Шаукебай Руслан Сағынайұлы - ІІІ ОРЫН. Еңбектеріңіз еленіп, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін, әріптестер!