SHARE_ЖОБАСЫ
SHARE_ЖОБАСЫ
Бүгін #77-нші мектеп-гимназия базасында халықаралық Share жобасының кезекті отырысы болды. Бұл жолғы тренингті Кембридж қаласының профессорлары Коллин Маклаффлин мен Кейт Эванс жүргізді. Тренингте #50, 53, 58-нші мектептердің негізгі топ мүшелері қатысып, жоба аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарымен тәжірибе алмасты. Оның тиімді, тиімсіз тұстарын саралай келе, әр мектеп алдыңғы отырыста берілген тапсырманы қорғадық. Жоба жетекшілерімен іс-әрекетті зерттеудегі методологияны, оқыту мен оқудың сапалы тұстарын талқылап, келесі кезеңдерді жоспарлауға бағыт алдық. Бүгінгі тренингтің маңызды тұсы: алдымен мұғалім өзі түсініп, өзгеріс жасамаса, балаға өзгеріс жасаудың мүмкін еместігінде болды.
Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны altay_kulginov_official Білім беруді жаңғырту орталығы