«РЕФЕРЕНДУМ - 2022: Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызы мен рөлі»
«РЕФЕРЕНДУМ - 2022: Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызы мен рөлі»
Білім беруді жаңғырту орталығы Бүгін мектебімізде Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскер маманы Амиргалиева Дайра Кайнемовнаның ұйымдастыруымен қала мектептерінің директордың тәрбие ісінің орынбасарлары және тарих пәнінің мұғалімдері үшін семинар өтті. Семинарда республикалық референдумның мақсаты туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, референдумның маңызы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ли Юрий Виссарионович, өткізу тәртібі туралы №85 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Муханова Сабира Мадениятовна мен №46 балабақша- мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Маканова Татьяна Викторовна сөйледі. Республикалық референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының көрінісі. Ауқымды шараны өткізу – ел сенімін нығайтады. Бүгінде Конституцияның 33 бабына өзгеріс енеді деп күтілуде. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі.