«Педагогикалық республикалық, облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату» вебинары

сәу 10, 2025 7

2025 жылдың 10 сәуірі күні Астана қаласы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта Астана қаласы, Қарағанды облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы педагогтарының арасында «Педагогикалық республикалық, облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату» вебинары өтті. Вебинарда Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімдері:

1. Ж.А.Таубалдиева «Python тілінде бағдарламалау: 5-сынып оқушыларына арналған элективті курс» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен бөлісті. Элективті курста бағдарламалаудың негізгі дағдыларын үйрететіндігін және электронды ресурстар, интерактивті тапсырмалар мен практикалық жаттығуларға арналған жұмыс дәптерлерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділіктері артып, шығармашылық қабілеті дамитынын атап өтті.

WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.29.26.jpeg

2. К.З.Аушахманова мен К.Т.Кожахметова «Программа элективного курса для учащихся 5 класса «Основы программирования на Python»» атты авторлық бағдарламасымен бөлісті. Авторлық бағдарламаның негізгі мақсаты: оқушыларды Python бағдарламалау негіздерімен таныстыру және қарапайым бағдарламалар мен алгоритмдер жазудың бастапқы дағдыларын дамыту. Элективті курс оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуға бағытталған күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен дидактикалық материалдары бар жұмыс дәптерін қамтитындығын атап өтті.

WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.29.05.jpeg