МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ Бүгін мектебімізде өзін-өзі тану бірлестігінің ұйымдастыруымен "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Онкүндікті өткізудегі мақсат - оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту мен пән мұғалімдеріне өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Сонымен қоса өзін-өзі тану пәні оқушылардың шынайы рухани табиғатын ашып, мінезінің кемелденуі мен тұтас үйлесімді тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Осы мақсатта онкүндік аясында түрлі байқаулар, рухани әңгімеге толы кездесу мен тілектер марафоны секілді қызықты челлендждер өткізу жоспарланды. Онкүндік соңында барлық қатысушылар марапатталатын болады.