"Кітап-білім бұлағы"
🔹️ Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты пайдалануға үйрету мақсатында мектеп кітапханасында "Кітап-білім бұлағы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Ұқыптылыққа тәрбиелеуде "Кітап-сенің досың" қойылымды сахналандырды. Оқушылар кітаптың шығу тарихымен танысты. "Кітап- ең сабырлы ұстаз" ұлағатты сөзіне ой-пікірлерін білдірді.
Кітапханашы Айгүл Теміржанқызы кітапханада оқырман өзін қалай ұстауы керектігі жайында кеңесін айтты.
Сынып жетекшісі: Касенова Мансия Алтаевна