Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы

нау 14, 2025 5

2025 жылдың 14 наурызында мектебімізде Білім басқармасының қолдауымен және "Samruk-Kazyna trust" қорының демеушілігімен Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға “Samruk-Kazyna trust" қорының бас директоры Адиева А.Д., Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны және әдістеме бөлімінің бас маманы Исинова Г.Ш., мектеп басшылары, ата-аналар қатысты.

Ерекше білім беруді қажет ететін және арнайы сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, классикалық музыкамен көрермен көңілін баураса, шулы аспаптар оркестрі өнерлерін паш етті.

ЛФК, логопед, психолог және дефектолог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/p/DHL6gPHt2VN/