"Еңбек қызметкерлеріне құрмет!" науқаны
🔹️ Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған болатын. Осыған орай Мектеп Парламенті ұйымдастыруымен "Еңбек қызметкерлеріне құрмет!" науқаны өткізілді.
Бұл науқанға мектебіміздің директоры А.Т.Хамитова, мұғалімдер, белсенді оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының еңбегін бағалау, олардың жұмыстарының маңыздылығын ұғындыру.
Құрметті парақшамыздың оқырмандары! Науқанның одан әрі жүзеге асырылуына баршамыз ат салысайық! Еңбек қызметкерлердің жұмысын бірге бағалап, ауламызды, қаламызды таза ұстайық!
@oqu_agartu_ministrligi @rumcdo_official @bilimastana @akimat__astana @almaty_audany @parlament_school_student