“Директор times” галстуксыз кездесу
“Директор times” галстуксыз кездесу жобасы аясында мектеп директоры Әйгерім Тауасарқызы 2024 жылдың 15 мамырында 4, 9, 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесті.
Кездесу барысында ҰБТ тапсыратын түлектерге, 9-сыныптан кейін мектеп немесе колледжде оқуға таңдау жасайтын жасөспірімдерге бастауыштан орта буын өтетін оқушыларға ата-аналар, мектеп тарапынан қолдау керектігін айтып өтті.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен қатар бастауыш, негізгі, орта мектепті бітірумен байланысты және жалпы мектептегі іс-шараларға деп ата-аналардың заңсыз ақша жинауына қатаң тыйым салынатынына тоқталды.
Галтуксыз кездесу барысында ата-аналар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.