Бүгін мектебіміздің кітапханасында Балалар жылына орай “Отбасылық кітап оқу сауаттылығы” тақырыбында конференция өткізілді.

мамыр 05, 2022 29

279245375_1237929370310882_6887522461690836370_n.jpg

Бүгін мектебіміздің кітапханасында Балалар жылына орай “Отбасылық кітап оқу сауаттылығы” тақырыбында конференция өткізілді. Кітап - адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін - тәрбие құралы. Абай атамыз "Танымның бар тамашасы - кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа" деп насихаттайды. Конференцияға қатысқан 3 "А" ZEREK сыныбы оқушылары кітап оқу науқаны қазан айынан бастау алған. Сынып жетекшісі Қ.А Қалықбаева оқушыларды кітап оқуға баули отырып ,оқу сауаттылығын жақсарту жолында педагогикалық зерттеу жұмыстарын қатар жүргізді .Мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру. Балалар оқыған кітаптарының ішінен ұнаған ертегі, әңгімеге макет, плакат дайындап, жарнамалады. Нәтижесінде ең көп кітап оқыған оқушылар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. 161 ертегі оқыған Мейрамбек Нұрайлым -1 орын. 118 ертегі оқыған Адамбек Зейне -2 орын. 84 ертегі оқыған Тұрғыналы Қайсар-3 орынды иеленді. Бұл конференцияның мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттап, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу. М. Әуезов "Әрбір адамның ең жақын досы - кітап болуы тиіс" деп айтқандай, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға белсенділігі байқалуда.

279825125_1237929280310891_7422739143329024389_n.jpg

279650985_1237929206977565_874252161250753915_n.jpg

279209343_1237929250310894_4980350672866517425_n.jpg

279246954_1237929230310896_7219250892507248012_n.jpg