Бүгін мектебімізде ата-аналарға арналған «Бірыңғай ашық есік күні» өтті

қыр 30, 2023 3

Бүгін мектебімізде ата-аналарға арналған «Бірыңғай ашық есік күні» өтті. Ашық есік күнінде позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту арқылы мектептегі балаларының әл- ауқатын қамтамасыз ету мақсатындағы ата-аналарды қолдау орталығының қызметімен таныстырды. Бағдарлама төңірегінде мектепте құрылып жатқан «Аналар клубы», «Әжелер клубы», «Әкелер клубы» туралы ақпарат беріп, ата-аналармен бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен бірге, мектебіміздің қамқоршылық кеңесі төрайымы Ж.Ж.Калиева, әлеуметтік педагог М.Ғ.Совет, мектеп психологтары Ж.К.Ерпейсова мен М.Ж.Тургумбаева, электронды KUNDELIK.kz журналының жүргізілуі туралы директордың орынбасары Е.Н. Рыхсиев, арнайы білім беру кафедрасының педагогтері өз жұмыстарымен бөлісті. Іс-шара соңында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, жеке сұрақтарына жауап алды. Ашық есік күнінде ата-аналар мектебіміздегі қосымша үйірмелердің (Арт студия, қол өнер шеберханасы, спорттық секциялар, домбыра үйірмесі, робототехника, Дебат) шығармашылық көрмесін тамашалады.

oqu_agartu_ministrligi

ganibeisembayev

medetbekovameruert

medetbekovameruert

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Астана қаласының Әдістемелік орталығы Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны Sengazyyev Kassymkhan

біртұтас_тәрбие.

https://youtube.com/shorts/noKFvV_H1PU