«Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей» КММ бос лауазымдық орнына орналасуға және (немесе) уақытша бос лауазымдық орынға конкурс өткізу туралы.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогінің төмендегі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялаймыз: Тұрақты жұмыс қамту түрімен математика пәні мұғалімі : 1 мұғалім ( оқыту тілі - орыс тілі: - 16 сағ.(1 х 16 сағ); Тұрақты жұмыс қамту түрімен бастауыш сынып мұғалімі: 4 мұғалім (оқыту тілі – орыс тілі – 4 х 16 сағ); Тұрақты жұмыс қамту түрімен бастауыш сынып мұғалімі: 1 мұғалім (оқыту тілі – қазақ тілі – 1 х 16 сағ); Тұрақты жұмыс қамту түрімен физика пәні мұғалімі: 1 мұғалім (оқыту тілі – орыс тілі – 1 х 16 сағ); Тұрақты жұмыс қамту түрімен педагог-ассистент: 1 мұғалім (оқыту тілі – қазақ тілі/орыстілі – 1 х 16 сағ); Уақытша жұмыс қамту түрімен дефектолог лауазымына – 1 бірлік (қазақ/орыс тілінде)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды: 1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқабат көшесі,17 Индекс:010000 Электрондық почта:Sh53ast@mail.ru Телефон: 8(7172) 50-16-79 Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 2022 жылдың 25 тамыз - қабылдау күнінің соңғы күні.