Бауыржан Момышұлы атындағы 53 мектеп әкімшілігі үшін бағыт- бағдар жасау семинары

қар 24, 2021 18

259961140_1133023850801435_3463668971799128150_n.jpg

Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы 53 мектеп-лицей әкімшілігі үшін өткен жұмыстарды талқылап, болашаққа бағыт- бағдар жасау семинары болды. Отырысқа директордың орынбасарлары, шаруашылық бөлімінің орынбасары, инженер, есепші, әлеуметтік педагогтар, іс-жүргізушілер, кәсіподақ төрайымы, кітапхана меңгерушісі қатысып, жыл соңындағы жұмыстарына есеп беріп, алдағы оқу жылдарына ұсыныстарын айтты. Алдымен, "Менің болашақтағы жұмыс істейтін мектебім" тақырыбына қиял мен шындықты жанастырып ой жүгіртсе, мектеп қызметіндегі 5 кемшілік пен артықшылықты тізіп шықты. Даму жоспарын талқылап, атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Осы оқу жылында Б.Момышұлының есімі берілген мектебімізге мақсаты айқын, жоспары жүйелі, барлығына ортақ миссияда жұмыс істеу көзделді.

259939862_1133024334134720_5724413816380371944_n.jpg