«Балақайлар мектебі» екінші аптасы

мау 16, 2024 4

Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп- лицейіне 1-сыныпқа келетін балаларға «Балақайлар мектебі» курсын оқытудың екінші аптасы қызықты да сәтті өтті. Бұл аптада балалар сынып және сынып ережелерімен, оқу құралдарымен, қауіпсіздік ержелерін үнемі сақтап жүруді, мектеп асханасы, мектеп кітапханасы және мектеп спортзалымен танысып, аралап, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды; мектеп ауласы, өсімдіктерді аялау, ауланы гүлдендіру, өсімдіктерге күтім жасауға өз үлестерін қосуды үйренді. Үзіліс арасында қызықты ойындар ойналып, қызығушылықтарын арттыратын әдістер пайдаланылып, әр түрлі тапсырмалар орындап, әр күндері қызықты да сәтті өткізілді.

https://youtu.be/sPxxio11OL8