«Бәрі сүйіспеншіліктен басталады»

ақп 13, 2015 2

"

№53 мектеп-лицейде 2 ақпаннан 12 ақпанға дейінгі аралықта Өзін-өзі тану апталығы бойынша жоспарланған «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында бастауыш сыныптар аралығында фото сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының достық,мейірімділік, сүйіспеншілік туралы түсінігін кеңейту. Оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру .Ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін арттыру. Көрме ұйымдастыру барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды: «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында сыныптарда түсіндіру, әңгіме өткізілді. Сынып оқушыларының мейірімділік, сүйіспеншілік қарым-қатынастары бақыланып, фото суреттер әзірленді. Отбасында баланың мейірімділік, сүйіспеншілік сәттері туралы анықтап, ата-аналарымен әр сәттегі фото суреттерін әзірлеулері тапсырылды. Жинақталған фото суреттер көрмеге ілініп жарияланды. Бастауыш сынып оқушылары көрмедегі фото суреттерді тамашалап, өздерінің әр сәттердегі фотолары, қуаныш пен сүйіспеншілік әсерге бөленгендіктерін айтты. Бастауыш сынып мұғалімі: Нұрғазина А.С







"