«Один в один» пародиялар сайысы

ақп 10, 2015 4

"

№53 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абденова Т.К. 2015 жылдың 07 ақпан күні «Один в один» атты пародиялар сайысын ұйымдастырды. Сайысты өткізудегі мақсат –  оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және қауіп-қатер тобындағы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және мектеп есебінде тұрған оқушыларды іс-шараларға қатынастыру. Біздің мектепке әртістер келіп қалған ба? – деп сайысқа келген көрермендердің таңданыспен сұрағаны орынды еді. Дәл осы күні №53 мектеп-лицейінде «Кеш You» тобы, Айгерім Қалаубаева, Қарақат Әбілдина, Серик Ибрагимов, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Нұрлан Қоянбаев, тіпті «Виа Гра», Бьянка, Павел Воля, «МBAND» тобы, «Ранетки» тобы, Lola, Katy Perry, Eminem сияқты шет елдік жұлдыздар және т.б. өнер көрсетті. Сайыс өте жоғары деңгейде, ұйымдасқан түрде өтті. Нақышына келтіріле орындалған әндер мен үлкен шеберлікпен сомдалған пародиялар көрерменге шынымен де таңданыс тудырды. Осының бәрі сахнада кәсіби әртіс пе деген ой қалыптастырғаны рас. Ал шын мәнісінде, сахнада өнер көрсеткендер  – бұл 6-8 сынып оқушылары болатын.

Барлық қатысушылардың бұл күнгі сайысқа ерекше дайындықпен келгені байқалды. Бірақ сайыс болған соң онда кімнің мықты, кімнің әлсіз екені байқалатыны – қалыпты жағдай. Бұл сайыстың да өз мықтылары болды.

Әділ-қазы алқасының шешімімен 6-сынып оқушылары арасында І-жүлделі орынға – 6 «Е» сыныбы, сынып жетекшісі – Таскентбаева З.М.; ІІ орын – 6 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі – Жусупова Н.А.; ІІІ орын – 6 «К» сыныбы, сынып жетекшісі – Ильясова Г.О. ие болды.

7-сынып оқушылары арасында жүлдері орындарға ие болған сыныптар:

І орын – 7 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі – Медеубаева Ш.Т.;

ІІ орын – 7 «Е» сыныбы, сынып жетекшісі – Мендібай Г.К.;

ІІІ орын – 7 «Ж» сыныбы, сынып жетекшісі – Сапарқызы Ш.

8-сынып оқушылары арасында жүлдері орындарға ие болған сыныптар:

І орын – 8 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі – Мамырбаева Г.С.;

ІІ орын – 8 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі – Нугумарова Д.К.;

ІІІ орын – 8 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі – Тоқжұманова М.

Жеңімпаз атанған орындаушылар дипломдармен марапатталды.