Кездесу
"
№53 мектеп мектеп-лицейінде желтоқсан айында «Менің елім– мәнгілік Қазақ елі!» атты ақын Әділғазы Қайырбековпен кездесу өтті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. Оннан аса кітаптары жарық көрген. Республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жүлдегері. 2000 жылдан бері Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры. Бұл кездесу ақындық өнерге қызығатын, ақынжанды оқушылар үшін ерекше әсер қалдырды. Ақын да ерекше шабытпен өз шығармасы туралы ой қозғады. Оның ішінде 16 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты «Желтоқсан жаңғырығы» поэмасына тоқталып, оқушыларға түсіндіріп өтті. Болашаққа үлгі бола алатын осындай талантты адамдардың өз ортамызда жүргені бір ғанибет.