№53 мектеп-лицейінде кәріс елінің өкілдерімен кездесу

қар 27, 2014 3

"

26 қарашада №53 мектеп-лицейінде Корея делегаттары Қазақстандағы e-learning оқыту жүйесінің қыр-сырымен танысып және пікір алмасу кездесуі болды. Ульсан университетінің профессоры мен өкілдері келді.

Турникет жұмысымен, ақпараттық таблоның қызметімен таныстыру.





№53 мектеп-лицей директорының орынбасары Г.Т.Даулетбекова мектеп тарихы және таңертеңгі оқушыларды қарсы алудан, шығарып салуға дейін күнделікті мектеп өмірінің бір күнін көрсетті. Корей өкілдері үшін бұл өте қызықты ақпарат болды. Мектеп мұғалімдері күнтізбелік жүмыс жоспары, электрондық журнал жұмысы, сабақ үстіндегі АҚТ қолдану тәсілімен таныстырды.

Биыл жаңартылған Intel(R) Pentium (R) CPU G2030@3.00GHz, 4,00GB компьютерлері Кореядан келген қонақтардың көңілінен шықты.

 

Қонақтар мектеп жылыжайы мен мұражайын тамашалады.

  

Кітапхана жұмысымен және электрондық оқулықтармен танысты.

 

Біздің қонақтарымыз Қазақстандағы e-learning жобасына қызығушылық танытуда

 

Оқушылармен пікір алмасу кезінде балалар Корея университетіне оқуға түсу үшін қандай сынақтан өту керек және қандай құжаттар жинақтау туралы сонымен қатар біздің мектебіміздің оларға қандай әсер қалдырғаны жайлы әңгімелесіп, пікірлесті.