«Этнопедагогика үрдісін оқу тәрбие жұмысында қолдану»

қаз 31, 2014 7

"

29қазан айында Астана қаласы әкімдігінің және қалалық білім басқармасының жоспарына сәйкес №53 мектеп-лицейде «Этнопедагогика үрдісін оқу тәрбие жұмысында қолдану» тақырыбында қала мектептерінің музыка пәні мұғалімдерімен би жетекшілеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Бұл семинардың мақсаты музыка мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу болатын. Семинарға Астана мектептерінің музыка пәні мен би жетекшілері және өнер, музыка мектептерінің басшылары қатынасты. Семинардың жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. Семинар сабақтарын би секциясы бойынша № 64 мектеп-лицейдің мұғалімі А.Жакеева мен «Мирас» Халықаралық мектебінің мұғалімі А.Махамбетова жүргізді. А.Жакеева өз сабағының тақырыбын «Қазақ халқының ұлттық би өнерін насихаттау» деп алып, ұлттық би өнеріміздің қимылдарын өз шәкірттері арқылы насихаттай білді. №64 мектеп-лицейдің мұғалімі Жанар Кудеринаның «Қазақ халқының ән айту өнері» тақырыбы бойынша өткізген панорамалық сабағында тыңдаушылар дәстүрлі ән орындау мектептерінің өкілдерімен танысып, халық әндерін тыңдап бір серпілісіп қалды. Семинар жұмысын «Достығымыз жарасқан» деген тақырыпта жалғастырған №67 мектеп-гимназияның мұғалімі А.Қалиева өз кезегінде оқушылармен жүргізілген хор жұмысын көрсетті. Семинарға қатынасушылар №16 мектептің мұғалімі А.Абишеваның сабағынан жаңа технологияның жаңалықтарынан хабардар болды. Сабақ берген мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында диск, кітапшаларын таратты. Бұл өткізілген семинардан қаламыздың музыка пәні мұғалімдері жақсы жаңалықтар көріп, іс-тәжірибе алмасты.





"