«Шаттанған тасып өлеңді, Айтпауға ерік бермеген»
22 қазан күні С.Сейфуллин мұражайында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, ақын-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл болуына байланысты атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы 6«Ә» сынып оқушыларымен әдеби бағдарламалық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Ұлағатты адамның өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, ізденімпаздыққа үйрету.Оқушыларды биік адамгершілікке, елжандылыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру. Сабақ екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде С.Сейфуллин мұражайын аралау. Мұражайда Сәкеннің кіндік қаны тамған жерден бастап, 1938 жылдың 25 ақпанында, ең соңғы ауыр жаза үкімі орындалар алдында түсірілген фотосуреттеріне дейінгі көріністер кеңінен қамтылған. С.Сейфуллиннің қолжазбалары, қызмет бабындағы қатынас қағаздары мұражайдың аса құнды құжаттары қатарына жататындығы оқушыларды ерекше қызықтырды. Екінші бөлімде мұражайдың ғылым бөлімінің меңгерушісі Ғабиден Қуанышбекұлы кіріспе сөзімен жалғастыра отырып, оқушылар С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы тоқтала келе, «Бақыт жолына» пьесасынан үзінді және Тәңірберген Айдар, Агитаева Камила, Мұсабекова Карина ақынға арнауларын ұсынды. Әдеби сабағымыздың соңында музыка пәнінің мұғалімі Қаракеева Закира Құрманбекқызы С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тамаша орындады. Сабақ өз мәресіне жеткен тәрбиелік жағынан құнды сабақ болды.