«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс және бопсалау іс-әрекетінің алдын алу»

қаз 15, 2014 76

"

№53 мектеп-лицейінде Бас прокуратура Департаментінің аудандық бөлімінің аға прокуроры Ш.Пиримбектің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесу жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп испекторы Э.Битенбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.К.Абденова және 8-сынып оқушылары қатысты. Аға прокурор Ш.Пиримбек «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс және бопсалау іс-әрекетінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларды өткен оқу жылы бойынша жасөспірімдердің құқық бұзушылық фактілер туралы, заң бұзушылық пен бопсалау әрекеттеріне қолданылатын жазалау баптарымен таныстырды.





"