Ядролық қарусыз болашаққа!
"
Мектебімізде 10-сыныптар арасында 29-тамыз Ядролық сынақтарға тиым салу күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Жауапты тарих пәнінің мұғалімі Авдхалым Асия. Мақсаты: Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы оқушылардың білімдерін кеңейту. Дөңгелек үстел барысында мұғалім мен оқушы пікірлері тыңдалып онда, «Ядролық сынақ зардаптары» бейнефильмі, және арнайы жасалған фото көрмесі ұйымдастырылды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалғаны айтылды. «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды?» деген сұрақ арқылы оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ойларын арнайы стикерге түсіру арқылы қорытынды жасалды.