«Бала тілі - бал»

қыр 24, 2014 9

"

2014 жылдың 18 қыркүйегінде №53 мектеп-лицейде Тілдер мерекесіне орай 3-4 орыс сыныптарының оқушылары арасында «Бала тілі - бал» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Бұл тәрбие жұмысының мақсаты: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сайыста оқушыларға түрлі тапсырмалар берілді. Сөздер, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру, жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдер айту сияқты тапсырмалар орындалды. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар белсенді түрде қатысып, өздерінің қазақ тілінде сөйлей алатындықтарын байқатты. Сайысты ұйымдастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Әйгерім Оразалықызы Қойшина мен Шолпан Жетенқызы Серікова.

 

 
"