«Жыр алыбы - Жамбыл»
"
№53 мектеп-лицей кітапханасының 2020/2021 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бойынша Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жасқа толуына орай, біздің кітапханада. «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында 5«И» сынып оқушылары мен кітапхана меңгерушісі Сатыбалдиева Н.К. бірлесе отырып ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Олардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, интерактивті тақта арқылы жұмыстар жүргізілді. Ж.Жабаев атында облыс, қала көше атаулары, Жамбыл атында өнер ордасы – театр жайында толық мағлұмат берілді. Мектеп оқушылары. «XX ғасырдың Гомері» атанған алып ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, салған суреттері мен баяндама жұмыстарына тоқталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Нұржанова Г.С.Утебаева Ш.А., мектеп тәлімгері: Сәруар Мадияр қатысты.