Тәуелсіздік – тірегім

жел 20, 2020 8

"

        Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата-баба  қанды жорығының, дабылды – дауылды  күресінің заңды жалғасы – дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы оқиғасы. Сол желтоқсан батырлары Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев секілді ұлдарымыз еліміздің болашағы, еркіндігі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет, бас көтеріп шеруге шықты. Олар: « Тәуелсіздік керек» қазақ елінің өз көсемі сайлансын! – деген тілекпен алаңға шықты.  Кеудесінде жаны бар, қазақ халқын сүйетін, қазақтың тілі, діні, дәстүрі құрып бара жатқан уақытта үміттерін жалау етіп жастар шықты. – Ата бабаларымыз сан ғасырлар армандаған тәуелсіздігімізге міне биыл жиырма тоғыз жыл.
       Тәуелсіздік, азаттық деген ұғым ұлт үшін, халық үшін, бұл теңдессіз бақыт. Бүгінде елі бар, жері бар, атамекені бар, еркін ел болып отырмыз. Азаттық деген ешкімге құл болмау, ешкімге бодан болмау деген сөз. Қазақ деген кешегі отыз екінің ашаршылығын көрген, отыз жетінің зобалаңын, қырқыншы жылдың қырғынын, Ақтабан шұбырыңдыны да көрген халықпыз. Сондықтан бүгін мынау жоқ, мынау жетіспейді дей берудің қажеті жоқ. Әр нәрсеге тәуба, қанағат қылыумыз керек. Ал сол үшін еңбек етіп, азамат болу керек. Елімізге тілеріміз осы күні! Азаттығымыз баянды болсын. Тәуелсіздігіміз, азаматтығымыз әрқашанда биік тұғырларда көрінсін, осыған  орай  мектебімізде  «Тәуелсіздік – тірегі» атты кітапханада сурет көрмесі және  тәрбие сағаты  өтті.   Оқушылар белсене қатысып,  өз тілектерін өлең жолдарын жаттап, видео ролик «Желтоқсан оқиғасы»  деген тақырыпта көріп, өз ойларымен бөлісті.








"