ЖАҚСЫЛЫҚҚА ТОЛЫ КҮН
"
Біз бүгін, шілденің алғашқы күнін, мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Нурмухамедов Асаналидың жетістігімен жақсылыққа толықтырамыз. Асанали қашықтан оқуын оқып жүріп, республикалық онлайн STEM олимпиадасына қатысып, екі кезеңнен сүрінбей өтіп, күзгі Гранд финалға жолдама алды. Республиканың түпкір-түкпірінен 4000-ға жуық қатысушылардың тек 470-і ғана үздік саналып, күзде өтетін гранд финалда бақтарын сынамақ. Асаналиға алдағы байқауына сәттілік тілеп, мектеп абыройы мен ата-ана үмітінің ақталғанын күтеміз!
Жетекшілік еткен пән мұғалімі - Меңдібай Гулнар Карабаевна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ӘР КҮНІМІЗ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛА БЕРСІН!