СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!
"
Еліміздің білім ордаларының 2019-2020 жылғы түлектері үшін #бізбіргеміз_Жастүлек атты соңғы қоңырау салтанаты маусымның 3 және 4 күндері өтті. Жас түлектер үшін бұл күндері қоңырау күні соңғы рет соғылды. Ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы жиында түлектер өз лебіздерін қимастықпен білдірді.
Биылғы жылы жүректері лүпіл қағып, бала шақтан болашаққа қанат қаққан мектебіміздің 170 түлектің ішінде 10 оқушыға «Алтын белгі», 9 оқушыға «Үздік аттестат» табысталды.
«Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері үшін бүгін 4 маусым күні үздіктердің үздігін үкілетіп, ерекше түрде марапаттады. Мереке соңында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер жас түлектермен бірге қаладағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне арнайы барып, батыр атамыздың рухына тағзым етті. Алға қойған арман-тілектерімен бөлісіп, гүлшоқтарын қойды. Білім ордасымен қоштасқалы тұрған түлектерге мектеп-лицей директоры Замзагүл Ертайқызы Киянова қадамдарына ақ жол тілеп, ұлттық құндылыққа бай, еліне адал қызмет ететін патриот болатындарына сенім білдірді. Алда мектебіміздің мақтаныштары мен үздіктері батыр атамыздың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін дәстүрге айналдырып, жалғасын табатынын сөз етті.
СӘТ САПАР, ТҮЛЕКТЕР!