«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»
"
14 қыркүйекте Отбасы күніне орай Астана қаласы Білім Басқармасы мен Отбасылық тәрбиелеу институтының ұйымдастыруымен №53 мектеп-лицейінде «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық ата-аналар жиналыс-конференциясы болып өтті. Жиналысты мектеп директорының орынбасары Даулетбекова Г.Т. өткізді. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясынан Мерва Н.М., Білм Басқармасынан Игибаева Г.У., Отбасылық тәрбиелеу институтының психологы Ахметжанова С.К. қатынасты.Ата-аналар жиналысының басты міндеті – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау.