МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
"
Бүгін, 03.02.2020ж., Нұр-Сұлтан қаласының №53 мектеп-лицейінде республикалық шеңберде жоспарланған "Өзін-өзі тану. Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Декаданың мақсаты: құндылықты бағдарлар арқылы балалар мен жеткіншектердің рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі тануға ұмтылысын дамыту. Мерекелік бағдарламаның мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтар ықпалдастырылды. Жалпы адамзаттық құндылықтар - бұл адамның ең негізгі бір бөлшегі, олар - адамның өмір сүруінің мәні. Осы құндылықтардан адамның өзіне және бүкіл әлемге деген қарым -қатынасы шығады. Мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің бастамасымен өткізілген Онкүндіктің ашылуына мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері белсене ат салысты. Алдағы күндерде жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.