АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
"
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
15 мамыр күні 53-нші мектеп-лицейде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың күн тәртібінде мектеп әкімшілігі ата-аналарға мектеп-лицейінің бітіруші түлектерінің мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы, жаңартылған білім мазмұны мен ғылыми-әдістемелік жұмыстары туралы, МЕКТЕП-ОҚУШЫ-АТА-АНА: үштік одағының ынтымақтасқан тәрбие жұмыс бағыттары туралы, 2018-2019 оқу жылындағы мемлекет қаражатының игерілуі мен аз қамтылған отбасыға көрсетілген жалпы оқу қорынан бөлінген көмек туралы есеп берді. Жиналыс соңында ата-аналардан еркін микрафон үлгісінде мектеп-лицейдің оқу жылына жалпы кері байланыс алынды. Оқу жылында мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ата-аналарға мектеп директоры Замзагул Ертаевна алғысын айтып, алғыс хатпен марапаттады. Қазақстан Ассамблеясы төрағасы орынбасары, кәсіби медиатор, медиация магистрі, тренер - Шерзод Аббозович мектеп әкімшілігіне медиация курсының сертификатын табыстады: мектеп-лицей директоры З. Е. Кияноваға, ТЖ орынбасарлары С. Алиеваға, Г. Нуржановаға.