ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ОРЫНБАСАР

сәу 27, 2019 37

"

ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ОРЫНБАСАР

      Бүгін бірнеше күнге созылған қалалық "Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі үздік орынбасары" байқауының шешуші кезеңі өтті. Қала мектептерінің тәрбие жұмысы орынбасарлары қатысқан байқаудың алғашқы кезеңінен лайықты деп танылған 10 қатысушы ғана суырылып алға шығып, "Арман" сауықтыру кешенінде ақтық мәреде сынға түсті. Финалда мектеп-лицейде 11 жыл бойы тәрбие жұмысының бағытында қызмет етіп, бала тәрбиесін алға жетелеген, жұмысының нәтижелері тек жоғары деңгейде көрінетін, еңбегіне адал, ұжымда сыйлы, директордың тәрбие жұмысының орынбасары - Нұржанова Гүлжазира Сейдуалиевна қатысып, "ЖАҢАШЫЛ ОРЫНБАСАР" номинациясы мен ақшалай сыйлыққа ие болды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Басты ЖЕҢІС - сайысып, сынға түскен емес, түлеткен түлектің қанаты қатайып, өмірден өз орнын тапқаны мен ата-аналардан алған АЛҒЫС! Ал, Гулжазира Сейдуалиевна осы ЖЕҢІСКЕ әбден лайықты!