«Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл»

қыр 11, 2014 19

"Мектебімізде 1-7 қыркүйек аралығында «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл» ұранымен «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталық жоспары жасалынып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Іс-шара мақсаты қоғамның, халықтың кең ауқымды салауатты өмір салтын жүргізуге назар аударту болғандықтан мектебіміздің бүкіл оқушылары, ұстаздары, сынып жетекшілері және ата-аналар қауымы қатысты. Іс-шараларға дене шынықтыру пән мұғалімдері жауапты болды. Денсаулық апатығы мектеп оқушыларының салтанатты саптүзеумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Денсаулық апталығының жоспарына сәйкес 2 – 3 қыркүйек күндері  мектеп алаңында футболдан  3 – 4, 7 – 8  сыныптар арасында жарыс өткізілді. Жалпы ойынға 14 – сыныптан 10 команда қатысты,бала саны – 110. Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өтті.
   

3 – 4 сыныптар арасында жеңіске жеткен: І орын - 4 А.  ІІ орын – 4 Е. ІІІ орынды – 3 Г сыныптары иеленді.

7 – 8  сыныптар арасында жеңіске жеткен: І орын – 7 Ә.  ІІ орын – 7 Г.  ІІІ орын – 6 В сыныптары иеленді.    

4 қыркүйек күні 5 – 6 сыныптар арасында көңілді эстафета өтті. Бала саны – 60.

  

Жеңіске жеткен сыныптар: І орын – 6 Б. ІІ орын – 5 Д. ІІІ орын – 6 В сыныптары иеленді.

5 қыркүйек күні тоғызқұмалақ, шахмат жарыстары өткізілді. Жарысқа 6 – 7 сынып оқушылары қатысты. Бала саны – 25
   

Шахматтан жеңіске жеткен оқышылар тізімі:

  1.орын – Жаксылыков Ержан 7 Д

  2.орын – Жанымхан Жеңіс 7 Д

  3.орын – Кайниденова Диана 6 В

Тоғызқұмалақтан жеңіске жеткен оқушылар тізімі:

   1.орын – Болатова Асем 6 А

   2.орын – Биржанова Асель 7 Д

   3.орын – Жакупбекова Сабина 7 Е

6 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Әкем, анам және мен» атты көңілді сайыс өтті. Сайысқа 8 топ қатысты.Бала саны – 15. Жарыс өте көңілді және өте қызықты өтті. Оқушылардың,ата аналар мен сынып жетекшілердің көңілінен шықты.

   

Жеңіске ие болган топтар:

1 орын – «Мерей» тобы. 1 Ә сыныбы.

2 орын – «Асхат» тобы. 1 Д сыныбы.

3 орын –  «Барыс» тобы. 1 А сыныбы.

Сонымен қатар, 6 қыркүйек күні қалалық саябақтың орталық аллеясында Денсаулық апталығы аясында Республикалық «Олимпиялық жүгіру күні» өткізілді. №53 мектеп-лицейінен 9-10 сыныптардан 50 оқушы қатысты.

6 қыркүйек күні  «Сенің денсаулығын – халықтың болашағы» атты акцияға 15 оқушы мен 4 мұғалім қатысты.

       Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен денсаулық фестивалінің іс-шаралары жоғарғы деңгейде өткізілді. Барлық жеңіске жеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды."