«Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен шешу жолдары» тақырыбында семинар

ақп 26, 2019 5

"

Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерге CLIL әдісін енгізу тәжірибесін тарату мақсатында «Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен шешу жолдары» тақырыбында 26 ақпан күні №53 мектеп-лицейі базасында семинар өтті.
Семинарға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, «Астана» халқыаралық университетінің, «Ustaz» кәсіби білім беру орталығының қызметкерлері және қала мектептерінен 70 мұғалім қатысты. 
Информатика, химия, физика, биология пәндері бойынша шебер-сыныптар мен коучингтер, кіріктірілген сабақтар көрсетілді. 
Іс-шараның қорытынды бөлімінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар CLIL әдісін қолдану мен билингвалды оқыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.









"