МЕКТЕП ҰЖЫМЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА
"
Астана қалалық Білім басқармасы білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру - білім беру сапасын арттырудың негізгі шарты» атты оқыту-әдістемелік семинарына №53 мектеп-лицейінің оқытушылары мен оқушылары белсене қатысты. Тәрбиелік бағыттағы «Зияткерлік» платформасы бойынша ұйымдастырылған іс-шарада оқушыларымыз ғылым кілтін ашып, роботтар мен трансформерлер кейіпкері болып сахнада өнер көрсетті. №48 мектеп-лицейінде өткен көптілділік "Klaster - bilim berý uıymdaryn tabysty damytýdyń Inovasıalyq formasy" атты кластер жұмысында мектебімізден ағылшын тілінен С1 деңгейдегі химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші М.Б. Сайлиханова 8- сынып оқушыларымен «Metals and nonmetals» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, физика пәні мұғалімі З.Ж. Серикбаеваның оқушысы француз тілінде PASCO зертхана жұмысын таныстырды. Сондай-ақ, мамандық таңдау бағытында мектебіміз Астана қаласы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжімен бірлескен жұмыстарын көрсетті. Колледжде сынып жетекші А.Князовамен 11-сынып оқушылары қонақтарға даяшылық мамандықтың қыр-сырын көрсетті. Республикалық семинардың ең жемістісі – экологиялық тәрбие беруде жыл бойы ұйымдастырылып жүрген «Эко-челлендж» жобасы бойынша қала мектептерінің арасында 18 мектеп жартылай финалға шығып, №15 мектеп-лицейінде мектебіміздің директоры З.Е.Киянова толық жұмыс бағытын қорғау жұмысы. Жартылай финалда мектеп ұстаздары экологиялық тақырыпта құрастырған БЖБ,ТЖБ жинақтарын тендерге қойып, бағдарламаларымен таныстырды. Қорытындысында финалға 8 мектеп қана бой көрсетіп, жоба ұйымдастырушыларымен жұмысты жалғастыру үшін №53 мектеп-лицейі келісімшартқа қол қойды. Алда жобада жеңіске жету үшін аянбай еңбек етеміз. Жоғары деңгейде өткен Республикалық семинарда мектебіміздің барлық ұжымы мен оқушылары бірлесіп ұйымдасқан іс-шаралары сәтті шықты.