Критераиалды бағалау білім сапасы.
"1,4,9- сыныптардың ата-аналарына білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау бойынша мәліметтер беру, түсіндіру мақсатын алға қойды. Ата-аналарға жаңартылған білім бағдарламасын, критериалды бағалауды түсіндіру семинарына Астана қаласының білімді жаңғырту орталығынан Есімова Сауле Сайлановна, Толеубекова Асем Амандыковна қатысты. Алдымен барлық ата-аналарға мектептің мәжіліс залында мектеп-лицей директоры Киянова Замзагул Ертаевнаның дәріс сабағы ұйымдастырылса, екінші бөлімде ата-аналар сынып бойынша «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», «Жаңартылған білім –жаңа көзқарас», «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар», «Критериалды бағалау –оқушы білімін нақтылау» тақырыптарындағы коучингтерге қатысты. Іс-шараның соңғы бөлімінде ата-аналар мен пән мұғалімдерінің «бетпе-бет кездесу» жұмыстары орын алды. Әр пән бойынша мұғалімдер ата-аналарға БЖБ, ТЖБ туралы түсініктерін кеңейтіп, жұмыстарымен таныстырды. Сауалнамалар мен ата-аналардың берген кері байланыстарының қорытындысында келген ата-аналардың 100% -на критериалды бағалау жүйесінің тиімді екендігі, 62% -на балаларының нені үйреніп, қалай білім алатындарынан түсінік қалыптасқаны, 50% -на оқушы білімінің әділ бағаланатыны, 35% -ы оқушы өз білімін өзі бағалай алады деген пікірлер анықталды.
"