«Бүгінгі білім мен еңбек – болашақ мамандық кепілі» қалалық семинар

қаң 23, 2019 8

"

23 қаңтар №53 мектеп-лицейде Астана қаласының білімді жаңғырту орталығының «Зияткер» платформасындағы серіктес мектептер арасында «Бүгінгі білім мен еңбек – болашақ мамандық кепілі» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Жеке тұлғаны тиімді мамандық тандауға бағыттаудағы мектеп лицейдің нәтижелі жұмыстарымен таныстыру мақсатындағы семинарға Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының қосымша білім бөлімінің басшысы Есематова Ақбота Бахытовна және серіктес мектептердің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер қатысты. Семинардың алғашқы сөзін Ақбота Бахытовна алып, ұйымдастырылып отырған іс-шараға сәттілік тілеп, алдағы жұмыстарын саралады. Мектеп-лицей директоры Киянова Замзагул Ертаевна қонақтарға мектептің жаңа идеяларымен бөлісіп, алғаш ашылған «Менің таңдауым» кәсіби білім беру кабинетімен таныстырды. Семинарда мектеп-лицейдің өткен оқу жылынан бері жұмыс істеп келе жатқан «Жас тілші» үйірмесінің оқушылары сұқбат алу мен іс-шараның жүргізілуін назарда ұстады.

Іс-шарада «Менің таңдауым» кәсіби білім беру кабинетінің меңгерушісі, әлеуметтік педагог Утебаева Умирсая Ермековнаның келген қонақтармен диалог алаңымен жүргізді. Ол кабинеттің жұмыс жоспары мен таныстырып, күтілетін нәтижелерге тоқталды. Кабинетте сондай-ақ, НЕЙРОМЕТРИЯНЫ енгізу жоспарланатынын, бұл мамандықтардың АТЛАСЫ (СКОЛКОВО) бойынша бас миының белсенділігі арқылы кәсіби бағдар және талант диагностикасы туралы айтты. 
"Эмоциялық интеллект" сабақтарының өтетінімен де хабардар етті. 
Қатысушылар «Мен таңдаймын» атты 3 «Ж» сыныбының, сынып жетекшісі Умирбекова Гулсим Анурабековнаның іскерлік ойынын тамашалады. Келген қонақтар мектептің мәжіліс залындағы №53, №37 мектеп «Жас сарбаз» кадет сыныптарының үлгілі көрсетілімінде болып, №53, №37, №24 мектеп психологтарының «Мен мамандықтар әлеміндемін» тақырыбындағы психологиялық тренингке қатысты. Мектеп-лицей Астана қаласының «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжімен» серіктестікте жүргізілетін жұмыстарын көрсетіп, 11- сынып оқушылары мен колледж студенттерінің дайындаған дастархан мәзірінен дәм татты. Болашақ даяшы мамандығын таңдаған оқушылар мен студенттер түрлі сусындардың дайындау жолын көрсетті. Семинар жоғары деңгейде өткені қатысушылардың берген кері байланыстарынан көрініс тапты. Семинардың соңында Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығынан сертификаттармен мараппаталып, «Жас тілші» үйірмесінің оқушыларынан семинардан естелік фотосын сыйлыққа алды.