Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу

сәу 12, 2017 28

"

11 сәуір  күні мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Өткізілу мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу. Кездесуге Бекмади Ахат Бекмадияұлы мен Сүлейменов Балтабай ардагерлері және Алматы ауданы еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Байболов Сайлаубек Дүйсенбекұлы шақырылды. Іс-шараға Алматы ауданы ардагерлері мен мектеп оқушылары ардагерлерімізге концерттік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті.





"