«Жыл оқушысы» байқауы
"
Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Жыл оқушысы» байқауы өткізілді. Өткізудегі мақсат: оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. Байқау 4кезеңнен тұрды. І кезең оқушылардың білім деңгейі сыналса, ІІ кезең видеовизитка дайындап, үздіктері финалға өтті. Соңғы кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, 1 минуттық сөз сөйледі. «Ең үздік өнер» номинациясына 9«А» сынып оқушысы Қайратұлы Таңат, «Ең үздік оратор» номинациясына 10«А» сынып оқушысы – Байманова Ажар, «Ең үздік видеоролик» номинациясымен 10«Д» сынып оқушысы – Бузданова Камила марапатталды. «Жыл оқушысы» атанған 8 «Д» сынып оқушысы – Жанат Ерасыл.