«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

қар 30, 2016 10

"

№53 мектеп-лицейінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тәрбиелік іс-шара аясында «Әкем, анам және мен» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Бұл іс-шараға 5-сынып отбасылары қатысты. Іс-шараны өткізу үшін 5-сынып жетекшілері белсенділік танытты. Жауапты сынып жетекшілер Есенжолова Қ., Медеубаева Ш.Т. Бұл іс-шараның басты мақсаты: Отбасындағы тәрбие мен отбасындағы қарым-қатынас, қамқорлық пен  сүйіспеншілікті нығайту. Жанұядағы қадір-қасиеттердің маңыздылығын дәріптеу. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі мінезді үйренеді. Салауатты өмір сүрудің күрделі мәселесі-жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Баланың болашағы үшін отбасы, қоғам және мектеп, достарының ықпалы зор. «Әкем, анам және мен» тақырыбындағы спорттық жарысқа қатысқан 5«Е», 5«Ж», 5«Г», 5«Б», 5«В»  сыныптары.  5«Г» сыныбы І орын, 5«Б» ІІ орын, 5«Е» ІІІ орын иеленді. 5«Ж» - «Белсенді отбасы», 5«В» - «Тату отбасы» номинациясымен марапатталды.








"